Аида Балаева: Еңбек адамдары – мемлекеттің ең басты құндылығы
Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
30 қазанда "Астана Балет" театрында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәдениет саласындағы беделді халықаралық жастар байқауларының жеңімпаздарын құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министр жеңімпаздарды құттықтай отырып, олардың жетістікке жетуіне ата-аналары мен ұстаздарының үлесі зор екенін айрықша атап өтті.
"Сіздермен жүздескеніме өте қуаныштымын. Бұл кездесу Республика күні қарсаңында өтуі тиіс еді. Бірақ мерекеге арналған ауқымды іс-шараларға байланысты бүгін ғана жолығып отырмыз. Ұлттық мерекемізге орай, Мемлекет басшысы және оның атынан біз түрлі салада еңбек сіңірген қызметкерлерді, түрлі мамандық иелерін құттықтадық. Олардың қатарында ұстаздар, дәрігерлер, құтқарушылар, мәдениет қызметкерлері бар", – деді Аида Балаева.
Министр жас дарындардың жетістіктері олардың ұстаздарының ұзақ жылғы табанды еңбегінің нәтижесі екенін айтты.
"Сіздердің жетістіктеріңіз – өздеріңіздің ғана емес, сондай-ақ ұстаздарыңыз бен ата-аналарыңыздың да қажырлы еңбегінің нәтижесі. Еңбек адамдары – мемлекеттің ең басты құндылығы. Сондықтан бүгінде олардың еңбегі жоғары деңгейде мойындалып, құрметтеліп отыр. Сіздерге балаларыңызды тәрбиелеуге жұмсаған күш-жігерлеріңіз үшін алғыс айтамын. Бүгінде Қазақстанда түрлі салада, оның ішінде мәдениет пен өнер саласында жастарды қолдауға және талантын ашуға бағытталған көптеген бастамалар мен жобалар іске асуда. Мемлекет басшысы ел болашағы жастардың қолында екенін үнемі айтып келеді. Сіздер өз қатарластарыңыз бен кейінгі ұрпаққа үлгі боласыздар. Сіздерді алда үлкен жеңістер күтіп тұрғанына сенімдімін", — деді министр.
Кездесу барысында қатысушылар жас дарындарды қолдауға және олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған мемлекеттік жобаларды талқылады.
Кездесу соңында А. Балаева байқау жеңімпаздары мен олардың ата-аналарына және ұстаздарына халықаралық аренадағы үшін алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript