Үлкен ақ акула Жаңа Зеландиядағы әйгілі спортшыны жазым етті

Үлкен ақ акула Жаңа Зеландиядағы әйгілі спортшыны жазым етті , сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2024 15:07 Сурет: pxhere
2024 жылдың 19 қарашасында Жаңа Зеландиядағы Чатам архипелагының жағасында адам жейтін акула деп аталатын үлкен ақ акула әйгілі 24 жастағы регби ойыншысына шабул жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

New Zealand жаңалықтар агенттігінің мәліметінше, қайғылы оқиға Джейд Кахукоре-Диксон қайықтан суға секіргенде болған. Ауыр жарақат алған ер адам судан шығарылып, жедел түрде жергілікті медициналық орталыққа жеткізілді, бірақ, өкінішке орай, оны құтқару мүмкін болмады.

Марқұмның әкесінің айтуынша, оның ұлы 2018 жылы акуланың шабуылынан бір мәрте аман қалған. Ол кезде жас жігіттің аяғы су түбіндегі тастардың арасында қалып қойып, оны ең жақын досы құтқарған.

Чатам аралдарының мэрі Моник Крун сол 2018 жылы Кахукоре-Диксон аралдың регби командасының ең үздік жас ойыншыларының тізіміне енгізілгенін атап өтті. Сонымен қатар, ол аралдағы жалғыз коммерциялық сүңгуір болды.

Ақ акула немесе адам жейтін акула тағы бір аты кархародон — жер бетіндегі ең ірі жыртқыш балықтардың бірі. Адамдар үшін қауіпті болып саналады. Әдетте, жағалауларда кездеседі.

Бұған дейін Испанияда акула суда жүзіп жүрген туристке шабуыл жасағаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: