Екібастұзда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті
Сурет: Zakon.kz
Екібастұзда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті. Көлік айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz pavloarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 қарашада М. Әуезов көшесінің ауласында Тойота Карина маркалы көлігінің жүргізушісі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, жаяу жүргіншіні қағып кетті.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді.
Дәл сол күні таңертең Мәшһүр Жүсіп – Әуезов көшелерінің қиылысында да жол апаты орын алды. 25, 47 және 58 жастағы зардап шеккен үш адам қалалық ауруханаға жеткізілді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript