Қарағанды зообағы чехиялық жануарлармен толықты

Қарағанды зообағы чехиялық жануарлармен толықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2024 12:07 Сурет: gov.kz
Қарағандыдағы зообақ тұрғындары көбейді. Мекемеге Чехиядан Бразза маймылдарының отбасы, сондай-ақ, валлаби жұбы әкелінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Хайуанаттар бағының баспасөз қызметінің мәліметінше, Бразза маймылдарының отбасы Хлебы қаласының (Чехия) Достық зоологиялық саябағынан сыйлық ретінде келді.

Сондай-ақ, Чехия хайуанаттар бағынан валлаби жұбы сатып алынды. Бұл кенгуру тұқымдастары, бірақ олардан сәл кішірек.

Жануарлар табиғатта сирек кездесетін альбиностар.

Қарағанды зообағы чехиялық жануарлармен толықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2024 12:07

Сурет: gov.kz

Бразза маймылдар біздің хайуанаттар бағына қазан айының соңында келді. Онда бір аталық және екі ұрғашы, сондай-ақ сәби маймыл бар. Осы тұқымдас маймылдар патриархат жүйесін ұстанады.

"Қарағанды хайуанаттар бағында мұндай маймылдар ешқашан болған емес. Қазір олар арнайы дайындалған екі қоршауда тұрады. Түрлі сөрелер, баспалдақтар, әткеншектер бар. Біз оларға үй салдық, енді гамак жасағымыз келеді. Бұл қорек талғамайтын маймылдар. Олар тұқымдар, жаңғақтар, маусымдық жемістер, банан, апельсин жейді. Оларға біздің хайуанаттар бағында өсірілген асқабақ пен цуккини ұнайды. Сондай-ақ қайнатылған ет пен балық береміз. Олар айран ішіп, сүзбе жегенді ұнатады". Хайуанаттар бағының директоры Гүлнар Адамбекова

Бұған дейін Алматыдағы хайуанаттар бағындағы ерекше гуілдің иесі табылғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: