Нигерия азаматына күйеуге шыққан атыраулық блогер қуанышты жаңалығымен бөлісті

Блогер, атыраулық, Заида Онуора, Нигерия азаматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2024 17:33 Сурет: Instagram/5rochka
Бірнеше жыл бұрын Нигерия азаматы Джессимен некелесіп, ұл баланы дүниеге әкелген танымал атыраулық блогер Заида Онуора отбасындағы тағы бір сүйінші жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылдың 27 қыркүйегінде 33 жастағы блогер екінші мәрте жүкті екенін айтып, өз қуанышымен бөліскен.

Ал 3 қазанда Заида мен Джесси болашақ баланың жынысын анықтап, оны көпшілікке жария еткен болатын. 

Сөйткен блогер аман-есен босаныпты.

"Зара Муначи Онуора. Отбасымызға қош келдің, қызым", деп жазды Заида Онуора бүгін, 9 желтоқсанда Instagram-дағы парақшасында.

Сөйтіп бақытты ана перх-зентханада түскен суретімен бөлісті. Онда Заиданың жаңа туған сәбиі кеудесіне жатыр, ал қасында сүйікті жұбайы да бар.  

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: