Белградтан Алматыға: Ұлы даланың Мәдени мұра әлеміне саяхат

Алматы қаласы әкімдігінің және Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен Белград қаласы музейлерінің құрамына кіретін Ханшайым Любица сарайында Алматы қаласы тарихы музейінің "Ұлы даланың мәдени мұрасы" атты көрмесі ашылды., сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2024 13:07 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің және Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен Белград қаласы музейлерінің құрамына кіретін Ханшайым Любица сарайында Алматы қаласы тарихы музейінің "Ұлы даланың мәдени мұрасы" атты көрмесі ашылды.

Көрмеге Алматы қаласы музейлерінің бірлестігі қорынан 220-дан астам экспонат қойылды. Экспозиция негізін қазақ халқының тұрмысы мен дәстүрлері, қолданбалы өнері туралы баяндайтын этнографиялық артефактілер құрайды.

Көрменің ашылуына Сербия Президенті Александр Вучичтің жұбайы Тамара Вучич ханым, Сербия Президентінің мәдени мәселелер жөніндегі кеңесшісі Деян Савич мырза, Сербияның саяси тұлғалары, дипломатиялық корпус, академиялық және ғылыми топтардың өкілдері, қоғамдық ұйымдардың басшылары, мәдениет қайраткерлері және БАҚ қатысты.

Қазақстан Республикасының Сербиядағы елшісі Мәди Атамқұлов өз сөзінде Ұлы дала халқының тарихы мен мәдениетін, көшпелі өркениет дәстүрлерін, тұрмысын, қазақ көшпенділерінің философиясы мен дүниетанымын таныстыру болып табылатынын атап өтті. Ұлы дала халқының тарихы мен мәдениетін бейнелейтін Балқан түбегінде алғаш рет ұйымдастырылған көрме екенін атап өтті.

Көрме 12 қаңтарға дейін жалғасады.

Бұған дейін Алматы қаласы музейлер бірлестігі Алматы әкімдігінің қолдауымен халықаралық мәдени ынтымақтастықты дамыту шеңберінде Италия, Австрия, Түркия, Оңтүстік Корея, Прага, Венгрияда көрме өткізіп, Францияда Ұлттық ескерткіштер орталығы және Сингапурдың Ғылыми орталығында Бірлестік қызметкерлері біліктіліктерін арттырды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: