Алматының Әуезов ауданында 41 жыл бұрын пайдалануға берілген құбыр ауыстырылды

Ремонт тепловых сетей, ремонт теплосетей, ремонт системы водоснабжения, теплосеть, ремонтные работы, рабочие, трубы для теплосетей, прокладка тепловых сетей , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.12.2024 09:09 Фото: Zakon.kz
Алматыда Саин – Төле би – Өтеген батыр – Райымбек көшелерінің ауқымындағы аула іші аумағы бойынша төселген құбыр ауыстырылды. Биыл жаңғыртылған учаскенің ұзындығы 901 метрді құрайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауыстырылған құбыр 1983 жылы пайдалануға берілген еді, ол 17 көппәтерлі тұрғын үйді, 2 жеке тұрғын үйді, 1 балабақшаны және басқа да 4 нысанды жылу және ыстық сумен қамтамасыз етіп отыр.

Жалпы, биыл қалада Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен ұзындығы 20 шақырым жылу желілері қайта жаңғыртылды.

Жаңғырту жұмыстары жыл сайын жылытуаралық кезеңде жүргізіледі, биыл олар Алматы қаласының 6 ауданында атқарылды.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармаларының әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ "2GIS" және "Яндекс карталары" сервистерінде орналастырылған.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: