Ақтауда қанша жұмыссыз тұратыны белгілі болды

Пустой кошелек, безработица, банкрот, банкротство, должник, неплатежеспособный, неплатежеспособность, задолженность, безработный, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.12.2024 16:31 Фото: Zakon.kz
Ақтау қалалық мәслихатының аппараты тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында азаматтарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру мәселелері талқыланғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

lada.kz дерегінше, отырысқа қатысушылар "азаматтарды жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту шаралары туралы" тақырыпты қозғады, сондай-ақ Ақтаудағы жұмыспен қамту орталығының іс барысын қарастырды. Комиссия жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және жұмыссыздық деңгейін төмендетуге бағытталған 2025 жылға жоспарланған шаралармен танысты.

Қалада ағымдағы жылдың 11 айында жұмыссыздық деңгейі 1,6%-ды құраса, 15 809 азамат жұмыссыз ретінде тіркеліп, 3 693 адам жұмысқа орналастырылды. 

Жұмыспен қамту орталығы әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету, Бос орындар жәрмеңкелерін ұйымдастыру бағытында жұмыс істегенін хабарлады. Комиссия мүшелері жұмыссыздықты дұрыс статистикалық бағалау, сондай-ақ еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңгерімсіздік туралы сұрақтар қойды.

Қорытындылай келе, Жұмыспен қамту орталығына еңбек нарығындағы жағдайды болжау, жұмыссыздарды тіркеу себептерін анықтау және мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша шараларды күшейту сияқты ұсыныстар берілді.

Жұмыссыздық мәселесін шешу және қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бойынша жұмыстар жалғасады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: