Павлодарлық хирургтер қыздың асқазанынан уыс шаш алып шықты

Павлодарлық хирургтер қыздың асқазанынан уыс шаш алып шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2025 21:16 Сурет: pixabay
Павлодарлық хирургтер қыздың асқазанынан уыс шаш алып шықты. Ота бір жарым сағат уақытқа созылды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел жәрдем жасөспірімді шұғыл түрде тамақ ішкеннен кейін іштің ауыруы, құсу, асқазан аймағында ісік пайда болуы шағымдармен облыстық балалар ауруханасына жеткізді. 10 жасар қыздың асқазан-ішек жолдарында уыс шаш табылды.

"Асқазан мен он екі елі ішектен тамақпен араласқан шаш уыс алынып тасталды. Ота тұрақты және асқынусыз өтті", - деді хирург Әсем Дәулетова. 

Отадан кейін баланың жағдайын тұрақтандыру үшін оны реанимация бөліміне бірнеше күнге жатқызды.

Мұндай трихобезоар – органдарда шаштың жиналуы – созылмалы күйзеліске ұшыраған немесе витамин тапшылығы бар адамдарда пайда болуы мүмкін.

Психолог Айнагүл Шүкірованың пікірінше, балалардың мұндай мінез-құлқының басты себебі – жақындарынан алыстау, қорқыныш, күйзелістік жағдайлар кезіндегі алаңдаушылық, мысалы, ата-анасының ажырасуы немесе жақын адамынан айырылу.

"Бала – бұл отбасылық қарым-қатынастың көрсеткіші. Оның психикасы өмірлік күйзелістерге дайын емес. Ата-аналар, туыстар – баланың өміріндегі басты терапевтер. Олардың міндеті – балалардың өсуі мен дамуына қолайлы жағдай жасау, сүйіспеншілік пен қамқорлықпен қоршау", - дейді психолог.

Маман балаларға әсіресе егер олар тұйық, гаджеттермен көп уақыт өткізсе, тәбеті болмаса мұқият болуға кеңес береді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: