Коронавирустан қара бұрыш қорғай алатыны дәлелденді
pixabay
Зерттеу нәтижелері Biomedicines ғылыми журналында жарияланды.
Санкт-Петербург ғалымдары қара бұрыштың коронавирустың таралуын тежейтінін тәжірибе жүзінде растады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Зерттеу нәтижелері Biomedicines ғылыми журналында жарияланды.
Кейбір кең таралған табиғи алкалоидтардың (мысалы, қара бұрыш құрамындағы) коронавирустың жасушаларға жұғуына жол бермейтіні анықталды. Бұл дәмдеуіш инфекцияны емдеу және алдын-алуға пайдалы.
Мамандар бірегей жасушасыз тест-жүйелерді пайдалана отырып сынақтар жүргізді.
"Осы себепті біз ақуыздың өзара әрекеттесуін зерттедік, бірақ адам мен коронавирус жасушаларының липидті мембраналарының қосылуы қоздырғыштың енуінің міндетті шарты. Ол үшін өсімдік тектес алкалоидтар қолданылды. Мысалы, ең тиімді қосылыс – пиперин – қара бұрышта кездеседі, бұрыннан белгілі және әртүрлі медициналық мақсаттарда биоактивті қоспалардың құрамында қолданылады", - дейді РҒА цитология институтының бас ғылыми қызметкері, зерттеу авторларының бірі Ольга Остроумова.Зерттеуші пиперинге негізделген коронавирусты жеңуге көмектесетін диеталық қоспалар жақын арада пайда болуы мүмкін деп санайды. Өйткені, бұл алкалоидтың медициналық мақсаттағы қауіпсіздігі бұрыннан дәлелденген.
Бақытжан Отарбаева
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript