Қазақстанда COVID-19-ды жұқтырушылар саны 974 мыңнан асты
Елімізде тіркелген КВИ-дың жаңа жағдайлар саны төмендеді. Алдыңғы күнгі статистикамен салыстырғанда ауру жұқтырғандар саны 38 жағдайға азайды. Инфекцияның таралу қарқыны бойынша алда келе жатқан өңір Нұрсұлтан қаласы болып қала бермек (+103). Еліміздің басқа өңірлерінде тіркелген жаңа жағдайлар 100-ден төмен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың мәліметін жариялады.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 686 жағдайы тіркелді.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында – 103,
Алматы қаласында – 59,
Шымкент қаласында – 5,
Ақмола облысында – 61,
Ақтөбе облысында – 9,
Алматы облысында – 26,
Атырау облысында – 7,
Шығыс Қазақстан облысында – 40,
Жамбыл облысында – 8,
Батыс Қазақстан облысында – 15,
Қарағанды облысында – 98,
Қостанай облысында – 77,
Қызылорда облысында – 6,
Маңғыстау облысында – 5,
Павлодар облысында – 83,
Солтүстік Қазақстан облысында – 79,
Түркістан облысында – 5.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 974 455-ке жетті.
Қазақстанда 1 122 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:
Нұр-Сұлтан қаласында – 121,
Алматы қаласында – 74,
Шымкент қаласында – 0,
Ақмола облысында – 81,
Ақтөбе облысында – 0,
Алматы облысында – 19,
Атырау облысында – 3,
Шығыс Қазақстан облысында – 33,
Жамбыл облысында – 11,
Батыс Қазақстан облысында – 103,
Қарағанды облысында – 148,
Қостанай облысында – 237,
Қызылорда облысында - 12,
Маңғыстау облысында – 0,
Павлодар облысында – 117,
Солтүстік Қазақстан облысында – 144,
Түркістан облысында – 19.
Елімізде барлығы 940 688 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.