"Омикрон" штаммы әлемнің 57 елінен табылды
ДДСҰ сарапшылары Африкада коронавирус жұқтырғандар санының артқанын айтып, мұны «омикрон» штаммының таралуымен байланыстырып отыр.
ДДСҰ-ның апталық бюллетенінде 2021 жылдың 7 желтоқсанындағы жағдай бойынша «омикрон» штаммы 57 елде тіркелгені жазылған. Мұндай мәлімет ДДСҰ-ның барлық алты өңірінен де келіп түсті, деп жазады ТАСС.
Онда: «Алдын-ала алынған талдаулар «омикрон» штаммдағы мутациялар антиденелердің бейтараптандырғыш белсенділігін азайтатынын, бұл табиғи иммунитет тарапынан қорғаныстың әлсіреуіне әкеп соғатынын көрсетті». «Бұл штаммның Оңтүстік Африкадағыдай иммунитеті жоғары тұрғындар арасында жедел тарап жатуының себебі осында болса керек», деп есептейді ДДСҰ.
Еуроодақтың 18 елінде тіркелген 212 жағдайды талдай келе, сарапшылар бұл ауру «асимптомды немесе жеңіл» өтеді деп отыр.