Балаларда кездесетін "омикрон" штаммының негізгі белгісі анықталды
Сурет: pixabay
Дәрігер балаларда кездесетін "омикрон" штаммының негізгі белгісін атады, деп хабарлайды Zakon.kz
Британдық дәрігер Дэвид Ллойд "омикрон" штаммын жұқтырған балаларда пайда болатын аурудың ерекше белгісін атады. Бұл туралы маман Sky News телеарнасының эфирінде мәлімдеді, деп жазады massaget.kz.
Оның айтуынша, коронавирустың "омикрон" штаммын жұқтырған ересектер мен балаларың ауру белгілерінде айырмашылық бар. Балалардың 15 пайызында әдеттен тыс бөртпе пайда болады.
Дәрігер вирустың бұл түрі әлі де зерттеліп жатқанын айтты.
"Бұл нұсқа "дельта" сияқты көп өлімге әкелмейді және біз оны жеңе аламыз деп үміттенейік", – деді ол.
Бұған дейін Гамалея орталығының профессоры Анатолий Альштейн коронавирустың "омикрон" штаммының таралуы COVID-19 пандемиясының аяқталуына әкелуі мүмкін деп болжап отыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript