Қазақстанда COVID-19-ды жұқтырғандардың жалпы саны 978 мыңнан асты
Қазақстанда коронавирусқа шалдығушылар саны күрт төмендеді. Алдыңғы күнмен салыстырғанда анықталған жағдайлардың саны 80-ге азайды. Еліміздің жеті өңіріндегі тәулік бойынша өсім 10 жағдайдан аспайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуал туралы мәліметті жариялады. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтыру бойынша 568 жағдай тіркелді.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында – 100,
Алматы қаласында – 34,
Шымкент қаласында – 3,
Ақмола облысында – 58,
Ақтөбе облысында – 7,
Алматы облысында – 16,
Атырау облысында – 4,
Шығыс Қазақстан облысында – 21,
Жамбыл облысында – 4,
Батыс Қазақстан облысында – 18,
Қарағанды облысында – 82,
Қостанай облысында – 58,
Қызылорда облысында – 5,
Маңғыстау облысында – 0,
Павлодар облысында – 73,
Солтүстік Қазақстан облысында – 77,
Түркістан облысында – 8.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 978 930-ға жетті.
Қазақстанда 1 132 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:
Нұр-Сұлтан қаласында – 193,
Алматы қаласында – 76,
Шымкент қаласында – 0,
Ақмола облысында – 80,
Ақтөбе облысында – 17,
Алматы облысында – 31,
Атырау облысында – 5,
Шығыс Қазақстан облысында – 55,
Жамбыл облысында – 11,
Батыс Қазақстан облысында – 76,
Қарағанды облысында – 152,
Қостанай облысында – 161,
Қызылорда облысында – 7,
Маңғыстау облысында – 5,
Павлодар облысында – 138,
Солтүстік Қазақстан облысында – 111,
Түркістан облысында – 14.
Елімізде барлығы 947 583 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.