ОАР президенті коронавирустан жазылып, жұмысына кірісті
Сурет: Оңтүстік Африка президентінің Twitter
ОАР басшысы Сирил Рамафосада коронавирус анықталғаннан кейін бір апта оқшаулануға мәжбүр болған еді, деп хабарлайды Zakon.kz
Global Times газетінің хабарлауынша, 69 жастағы Рамафоса өз жұмысына оралып, 22 желтоқсанда үкімет отырысына қатыспақшы.
Президент 12 желтоқсанда Кейптаундағы жерлеу қызметіне барғаннан кейін денсаулығы нашарлаған болатын.
ОАР басшысы тұрғындарға тағы да вакциналаудан өтіп, бетперде тағып, қашықтықты сақтауды сұрады. Рамафоса вакцинаның толық курсын алған.
Оңтүстік Африка – құрлықтағы коронавирустан ең көп зардап шеккен мемлекет. Ресми деректер бойынша, республикада 3,3 млн астам адам инфекция жұқтырып, 90 мыңнан астам адам одан қайтыс болған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript