Қазақстанда 2022 жылға арналған COVID-19-ға қарсы күрестің іс-қимыл жоспары бекітілді
2022 жылға жоспарланған іс-қимылдар:
"Covid-19-сыз саяхаттаймын" қосымшасымен қатар Ashyq мобильді қосымшасын қолдану мүмкіндігі мәселесін пысықтау.
Бас санитарлық дәрігердің 2020 жылғы 23 қазандағы қаулысындағы республика аумағына келетін адамдарға қатысты шектеу шараларын белгілеу бөлігінде санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
Өткізу пункттерін (ЕАЭО елдерімен ішкі шекарада) санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті жабдықпен (тепловизорлар), интернет-байланыспен және үй-жайлармен жарақтандыру мәселесін пысықтау.
Дәріхана желісіне ДЭТ АГ SARS-CoV-2-ні (антиденелерді анықтауға арналған экспресс тестер) шығару, оған деген халықтың қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Білім беру ұйымдарында оқушылар арасында ДЭТ АГ SARS-CoV-2-ні (антиденелерге экспресс-тест) қолдану мәселесін пысықтау.
Вакциналау пункттерін, оның ішінде қоғамдық орындардағыны бейнебақылау камераларымен жарақтандыру.
Сонымен қатар халықты вакциналаумен қамтуды кеңейту, халыққа медициналық көмек көрсету, медициналық оңалту және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар қарастырылған.
Тағы жоспарда бары:
Халықаралық тәжірибені ескере отырып, КВИ диагностикасы мен емге қажетті жаңа технологияларын енгізу.
Covid-19-бен күрестен алынған және халықаралық тәжірибені ескере отырып, медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылауды ұйымдастыру тәсілдерін бейімдеу.
COVID-19-дың ұзақмерзімді салдарын клиникалық бақылау бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу.
Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын халықты жылжымалы медициналық кешендермен медициналық поездарды тарта отырып, медициналық қызметтермен қамтамасыз ету.
Сондай-ақ бұл жоспар коммуникациялық стратегияны енгізуді, ғылыми-зерттеу әлеуетін дамытуды көздейді.
Мысалы, КВИ мутациясын ескере отырып, QazCovid-in вакцинасын түрлендіру жөніндегі шараларды іске асыру, сондай-ақ КВИ кезінде "Эфесовир" дәрілік затының тиімділігін клиникалық жағдайда зерттеу көзделген.
Іс-шаралар жоспарын толығымен мына жерден оқи аласыздар.