ДДСҰ балаларға жаппай вакцина салуға қарсы – фейк
Stopfake.kz басылымы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы таратты делінген бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.
Баспасөз мәслихаты 22 желтоқсанда өтті. Тедрос Гебрейесустың сөйлеген сөзінің толық мәтіні жарияланды. Сондай-ақ, ДДСҰ сайтынан ұйым басшысы сөйлеген сөзден кейін 22 желтоқсанда жаңартылған COVID-19-ға қарсы вакцинаның үдеткіш дозалары туралы аралық мәлімдемені де табуға болады. Гебрейесустың сөзінің мәтінінде де, аралық мәлімдемеде де ДДСҰ балаларды вакцинациялауға қарсы деп айтылмаған. Онда әлемде вакциналарды үлестірудегі теңсіздікті жою үшін дені сау ересектер мен балаларды ревакцинация қарқынын уақытша төмендету керек делінген.
Түпнұсқада: "Екпе дозаларын тәуекелі төмен халық топтарын бастапқы иммундау үшін қолданудан гөрі тәуекелі жоғары топтарға үдеткіш дозаларды егу арқылы өлім-жітімді барынша азайтуға қол жеткізуге болады. Маңыздылығы сәл төмендеу жас топтарына вакцинациялау ұсынысы мен оны үлестірудің ұлғаюына қарай, әлдеқайда жас халықты бастапқы иммундаумен қамтуды кеңейтумен салыстырғанда қауіпті тәуекелі жоғары топтарды бустерлік екпемен вакцинациялаудың басымдығына қатысты ымыраға келуге болады,"–делінген.
ДДСҰ мамандары балаларды жаппай вакцинациялаудан бас тартуға шақырмайды, тек бірінші кезекте жас және дені сау адамдарға ревакцинация жүргізудің орнына осал топтарды, мысалы, зейнеткерлер мен созылмалы аурулары бар адамдарды вакцинациялауды ұсынады.
Бұдан БАҚ таратқан ақпараттың жалғандығын аңғарамыз.