Жаңалықтар тізбегі
0

Елордада коронавирус өршіп тұр

Эпидахуал, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.01.2022 16:13 Сурет: Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Нұр-Сұлтанда індеттің тез таралуына байланысты эпидемиологиялық жағдайдың күрделі екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Соңғы тәулікте коронавирус жұқтырған 4639 адам тіркелді (симптомдары бар 3 192, 1 44-ы симптомсыз), өсім 2.5% болды. Соңғы аптада COVID-19 бойынша 31 789 жағдай тіркелді.

Аурушаңдық алдыңғы аптадан 5 есе жоғары (алдыңғы апта – 4476), соның нәтижесінде 100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттанушылықтың апталық көрсеткіштері 496,0-ден 2674,9-ға дейін өсті және репродуктивтік саны 1,905-ке жетті. Қаңтардың 16 күні 36347 жағдай тіркелді, бұл 2021 жылғы желтоқсанда тіркелген 2 737 жағдайдан 12 есе жоғары. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

«Омикрон» коронавирусының жаңа штамы вирустың басқа мутацияларына қарағанда тезірек таралады, сол себепті COVID-19-бен ауырып шыққандар және 2021 жылдың наурыз-қыркүйек айларында вакцинацияланған адамдар да әбден жұқтыруы мүмкін.

Қала бойынша қазіргі уақытта 244 824 адам ревакцинация алу керек (ақпан, наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде айларында вакцинаның толық курсын алғандар), олардың 27 874-і немесе 11,3%-ы қайта вакцинацияланған адамдар. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде вирусқа қарсы жалғыз қорғанудың жолы –СOVID-19-ға қарсы алынған вакцинацияның толық курсы мен уақтылы алынған ревакцинация. Қорғанған адамдар ғана "Омикронды" жеңіл қабылдайды. Сондықтан да болар, вакцинация мен ревакцинация алмаған адамдарға қарағанда, вакцина салдырып, толық иммунизация өткен адамдарда аурудың салдары әлдеқайда жеңіл өтеді.

Осыған байланысты, Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салады, сондай-ақ вакцинациялауға және ревакцинацияға шақырады.

Оны астананың емханалары мен Абу Даби Плаза, Керуен, Азия Парк, Еуразия СҮ және «Нұрлы жол» теміржол вокзалы сияқты егу кабинеттерінде ыңғайлы әрі жылдам жасауға болады. Біз тұрғындарымызға сене отырып, осы орайда қоғамдық орындарда бетперде тағуды ұмытпауға кеңес береміз. Ал аурудың алғашқы белгілерін байқаған сәтте бірден оқшауланып, дәрігермен кеңесуді ұсынамыз. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: