Коронавирусты үйден емдеген дәрігерлерге қосымша ақы төленеді
Медициналық санитарлық алғашқы көмек ұйымдары қызметкерлерінің жұмысын ынталандыру мақсатында мобильді бригадалардың қайта шығуын, міндетті әлеуметтік сақтандыру арқылы үйдегі стационарларды кеңейту және белсенді ашуға қосымша ақы төлеу бойынша шаралар қабылданды. Сондай-ақ учаскелік медицина қызметкерлеріне коронавирустық ауруларын үйде емдегені үшін 3 базалық лауазымдық жалақы мөлшерінде қосымша ақы көзделген.ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният
Министр коронавирустың "омикрон" штамының жеңіл және қауіпсіз өтіп жатқанын мәлімдеді.
Аурудың алғашқы белгілері: тұмау мен жедел респираторлық аурулар секілді суық тию көрінісі, әлсіздік, бас ауруы, жөтел.
Ведомства дерегі бойынша, аурулардың 80%-ы яғни 78629 науқас амбулаториялық ем қабылдап жатыр. Емдеуге жатқызылған аурулардың ішінде ауыр және өте ауыр пациенттердің үлесі – 5%.
Амбулаториялық науқастардың саны өсуін ескере отырып, ДСМ өңірлердің жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, медициналық-санитарлық алғашқы көмек деңгейін, уақытылы медициналық көмекті нығайту және ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдауда. 3054 мобильді дәрігерлік бригада жұмыс жасап жатыр. Резервте 1626 дәрігерлік бригада бар. Қазір коронавирустық инфекция кезінде медициналық көмек көрсетуге барлығы 40 000-ға жуық медицина қызметкері тартылған. Резервте 4556 қызметкер бар. Оның ішінде 1217-cі дәрігер. ҚР Денсаулық cақтау министрі Ажар Ғиният
ҚР ДСМ-нің дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қорларын құру жөнінде шаралары:
Бірыңғай дистрибьютердің қоймаларында 60 000 пациент үшін дәрілік заттың 38 атауы бойынша екі айлық толықтырылған қор бар.
Медициналық ұйымдарда 7 млрд теңгеге дәрілік заттың 91 атауы бойынша 1 айлық қор қамтамасыз етілді.
Амбулаториялық деңгейде коронавирус инфекциясымен ауыратын пациенттер 5 дәрілік препаратпен қамтамасыз етіледі. 500 мың пацинетті емдеу үшін дәрілер қарастырылған.
Бірыңғай дистрибьютерлердің қоймарында бөлшек сауда желісінің интервенциясы үшін қажет болған жағдайда жалпы 1,8 млрд теңгеге 26 дәрігерлік зат бойынша екі айлық қор жасалды.
Сонымен қатар ҚР ДСМ Ажар Ғиният ел бойынша ШҚО, Жамбыл, Түркістан облыстарында халықтың 100 пайызы вакцинаның бірінші компонентін алғанын мәлімдеді.