Түркістан облысы ғана "сары" аймақта
Сурет: МВК по нераспространению КВИ
Өткен тәулікте елордада 5 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған. Ал Түркістан облысында 117 науқас тіркелген, деп хабарлайды Zakon.kz
2022 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиология жағдайын бағалау матрицасына сәйкес:
"Қызыл" аймаққа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары енді.
Түркістан облысы "сары" аймақта. Ал "жасыл" аймақта ешқандай өңір жоқ.
Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 12 адам қайтыс болды.
2022 жылғы 19 қаңтардағы мәлімет бойынша Қазақстанда I компонент вакцинасын 9 082 930 адам, II компонентті 8 643 043 адам салдырды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript