Ажар Ғиният мектептер қандай жағдайда онлайн оқытуға ауысатынын айтты
Сурет: Zakon.kz
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният үкімет отырысында ел мектептерін қандай жағдайда онлайн оқытуға қайта көшіруге болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі
Еліміздегі күрделі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, халықаралық тәжірибені ескере отырып және Білім және ғылым министрлігі мен ЮНИСЕФ-тің ұсынысы бойынша білім беру ұйымдарында оқыту форматы қайта қаралды. Барлық мектепке дейінгі ұйымдар, бастауыш сынып оқушылары және 600 оқушыға дейінгі мектептер тұрақты форматта оқиды. 600-ден астам оқушысы бар білім беру ұйымдарында білім беруді ұйымдастырудың сараланған тәсілі қолданылады, бастауыш мектеп әдеттегідей жұмыс істейді.ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният
Оның айтуынша, оқыту форматын таңдағанда міндетті түрде вакцинациямен қамту деңгейі ескеріледі.
Еліміздегі жоғары оқу орындары мен колледждерде де сараланған тәсіл енгізілген: дәрістер онлайн, қалған сабақтар икемді кесте бойынша тұрақты режимде. Бұл ретте, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары карантиндік шаралардың орындалуын бақылауды жалғастырып, бұзушылықтар анықталған жағдайда, бірінші жартыжылдықтағыдай оқыту онлайн форматқа көшетінін айта кеткен жөн. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі
Осыған байланысты ол облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының әкімдіктеріне оқушылар арасында аурушаңдықтың күрт өсуіне жол бермеу үшін білім беру ұйымдарында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету қажеттігін айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript