"Жасыл" аймақта тек Түркістан облысы қалды
Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Алматы, Ақтөбе Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары "қызыл" аймақта.
Шымкент қаласы, Қызылорда, Маңғыстау облыстары "сары" аймақта.
Түркістан облысы ғана "жасыл" аймақта қалып отыр.
Айта кетейік, 1 ақпанда ғана Маңғыстау облысы "қызыл" аймақта тұрған еді.
Емделіп жатқандардың ішінде 10 283 пациент стационарда, ал 125 307 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 446 адамның жағдайы ауыр. 168 пациенттің жағдайы өте ауыр болса, 84 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
Елімізде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 9 203 671 адам, 2-компонентін 8 775 383 адам салдырды.