Африкада «омикрон» штамының жаңа түрі таралып жатыр
Сурет: pixabay
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының африкалық аға вирусологы Никси Гумеде-Моэлетсидің мәлімдеуінше, ол Африканың 5 елінде тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Коронавирустың жаңа түрі BA.2 немесе «жасырын омикрон» деп аталады. Ол Ботсвана, Кения, Малави, Сенегал және Оңтүстік Африка секілді 5 елде анықталды.
Никси Гумеде-Моэлетсидің айтуынша, «жасырын омикронды» ПТР-сынама арқылы анықтау мүмкін емес. Сондықтан да Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дүниежүзіндегі бірнеше зертханамен жұмыс істеп жатқаны белгілі болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript