Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанда бетперде тағу кімге және қай жерде міндетті – жаңа қаулы

Жаңа қаулы, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2022 23:30 Сурет: Zakon.kz
Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сарқыт Бейсенова жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа қаулыға сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары алға тартылған талаптарды қатаң сақтауы тиіс.

Халық медициналық немесе матадан тігілген бетпердені тағуы міндетті:

  • 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, сондай-ақ қоғамдық тамақтану орындарында тамақ ішу жағдайларын қоспағанда халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте;

  • COVID-19 күдікті адамға көмек көрсету кезінде дені сау адамдар;

  • коронавирус  инфекциясына ұқсас аурудың белгілері (дене қызуының көтерілуі , жөтел, түшкіру) бар адамдар.

Сондай-ақ, кәсіпкерлік нысандарында Ashyq қосымшасы бойынша жұмыс өз жалғастығын табады.

Одан бөлек, халық арасында вакциналау және ревакцинация жүргізу жұмыстарына бақылау күшейтіледі.

Қаулы қол қойылған сәттен бастап өз күшіне енеді.

Қаулының толық мәтінімен мына арадан танысуға болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: