Маман COVID-2019-дан кейін тамақ мәзірінде болуы тиіс жеті өнімнің атын атады
"Doктор Питер" желілік басылымына берген сұхбатында пульмонолог Елена Питиримова бұл өнімдері өкпенің жұмысын жақсартуға ықпал ететінін айтты.
Маманның айтуынша, иммунитетті жақсартушы және аскорбин қышқылын беруші болып табылатын қырыққабаттың барлық түрлері өкпеге пайдалы.
Сонымен қатар маман тамақ мәзіріне сары май мен зәйтүн майын қосуды ұсынды. Біріншісі жануарлардың майы мен дәрумендерге бай, ал екіншісінде қақырықты кетіруге және өкпенің жұмысын қалпына келтіруге пайдалы омега қышқылдары мен майда еритін дәрумендер бар.
Питимированың айтуынша, бал да дезинфекциялық және қақырықты сұйылту қасиеттеріне ие. Сонымен қатар, бета-каротинге бай сәбіз өкпе тінін қолдайды. Өкпенің жұмысына ет пен балық та жақсы ықпал етеді, деп сөзін қорытындылады пульмонолог.
Жаңалық сипатындағы материалдарды дәрігердің тағайындауындағы рецептімен теңестіруге болмайды. Қандай да бір шешім қабылдамас бұрын маманмен кеңесіңіз.