Қазақстанда өткен тәулікте 12 адамның COVID-19 жұқтырғаны белгілі болды
Сурет: zakon.kz
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны алдыңғы күнмен салыстырғанда бір адамға артты. Аурудың басым бөлігі Алматыда анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат жариялады.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының 12 жаңа жағдайы тіркелді, соның ішінде:
Нұр-Сұлтанда – 2,
Алматыда – 8,
Алматы облысында – 1,
Қарағанды облысында – 1.
Елде барлығы 1 305 327 жағдай расталды.
41 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, оның ішінде:
Нұр-Сұлтанда – 9,
Алматыда – 19,
Алматы облысында – 2,
Шығыс Қазақстанда – 1,
Қарағанды облысында – 5,
Қостанай облысында – 2,
Солтүстік Қазақстанда – 3.
Барлығы 1 290 720 адам COVID-19-дан жазылып шықты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript