Ресей COVID-19-ға қарсы жаңа вакцинаны зерттеп жатыр
Сурет: sputnikvaccine.com
Ресейде вирус тәрізді бөлшектерге негізделген коронавирус инфекциясына қарсы вакцина сынақтан өтіп жатыр. Вакцинаны бірнеше ерікті алып үлгерді. Олардың вакцинацияға теріс реакциясы жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.
Зерттеу басталды. Қазірдің өзінде бірнеше адамға екпе салынды. Вакцина салдырғандардан теріс реакциялар мүлдем байқалмады. Осыған сүйене отырып, бәрі жақсы деп айта аламыз.Микробиолог, Гамалеи атындағы орталық директоры Александр Гинцбург
Оның айтуынша, COVID-19 антиденелеріне теріс нәтиже беретін еріктілерді іріктеуде қиындықтар бар. Жүздеген адам скринингтік тексеруден өтті. Бірақ вакцина антиденелері жоқ адамдарға ғана салынады, деп хабарлайды РИА Новости.
Жаңа вакцина үш апталық аралықпен екі инъекцияны қамтиды. Бірақ Александр Гинцбургтың айтуынша, препараттың Sputnik V-мен құрамдас бөліктері бірдей.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript