ДДҰ маймыл шешегіне қарсы жаппай вакцинациялауды ұсынбайды
Жұқтыру жағдайлары негізінен ер адамдардың арасында тіркелді. Бірақ ерлер арасында ғана емес. Кейбір елдер қазір вирустың жергілікті қауымдастықтарда, соның ішінде әйелдер арасында жұқтыру жағдайлары туралы хабарлап жатыр.ДДҰ бас директоры Тедрос Гебрейесус
Тедрос Гебрейесустың сөзінше, маймыл шешегі бірнеше эндемиялық емес елдерде пайда болуы оның біраз уақыттан бері таралып келе жатқанын көрсетеді. Нақты қанша уақыт екені әлі белгісіз.
Маймыл шешегінің эндемиялық емес елдерге таралу қаупі нақты. ДДҰ бұл вирустың осал топтарға, соның ішінде балалар мен жүкті әйелдерге таралу қаупіне ерекше алаңдайды.Тедрос Гебрейесус
ДДҰ зардап шеккен елдерді аурудың барлық жағдайын анықтауға шақырды. Бұл індетті бақылауға алу және оның одан әрі таралуын болдырмау үшін қажет.
Бүгінде маймыл шешегіне қарсы мақұлданған препараттар мен вакциналар бар. Алайда олардың қоры шектеулі. ДДҰ осы препараттарды әділ тарату механизмін әзірлеп жатыр.
ДДҰ маймыл шешегіне қарсы жаппай вакцинациялауды ұсынбайды. Вакциналар бар бірнеше жерлерде олар ең әуелі медицина қызметкерлері мен зертхана қызметкерлерін қорғау үшін қолданылады.
Экспозициядан кейінгі вакцинацияны, ең дұрысы әсер еткеннен кейін төрт күн ішінде кейбір елдер қарастыруы мүмкін.