Министр Ажар Ғиният Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының марапатын иеленді
Сурет: gov.kz
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы ресми өкілі Кэролайн Кларинваль "Дені сау ұлт" ұлттық медициналық саммиті барысында ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге атынан ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқа марапатты табыс етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгін Қазақстанның денсаулық сақтау министрі доктор Ажар Ғиниятқа доктор Ханс Клуге атынан және ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының және ДДҰ Қазақстандағы елдік офисінің барлық қызметкерлері атынан марапатты табыстау мен үшін үлкен құрмет. Кэролайн Кларинваль
Ол Қазақстанда 19 маусым күні аталып өтілетін Медицина қызметкерлерінің келе жатқан күніне байланысты, доктор Ғиниятқа марапатын тапсыру ерекше толқыныс тудырғанын айтты.
"Доктор Ғиният, мен Қазақстандағы пандемиямен күреске қосқан зор үлесіңіз үшін алғыс айтамын және сізге және Қазақстанның барлық денсаулық сақтау қызметкерлеріне зор денсаулық, амандық тілеймін, өзіңізді қорғаңыз", - деді Кэролайн Кларинваль марапатты министрге табыстай отырып.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript