Жаңалықтар тізбегі
0

Неліктен ДДСҰ QazVac-ты әлі мойындамады – Денсаулық сақтау министрлігі түсіндірді

ДДСҰ, вакцина, QazVac, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2022 17:45 Сурет: Zakon.kz
Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР бас санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова күзде коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны тану тәртібі бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшылары елімізге тағы келетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Вакцинаны тану өте күрделі және ұзақ процесс. Бұл ДДCҰ талаптарының өте қатаң болуына байланысты. Бұл мәселе бойынша Жол картасы әзірленді – ДДСҰ сарапшылары бірінші кезең бойынша ұсыныстар берді, көктемде соның іске асырылуын көруге келеді. Сонымен қатар олар қосымша ұсыныстар берді және QazVac вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мойындауы үшін біздің өндірісіміздің дайындығын бағалау мақсатында ДДСҰ сарапшыларының келесі сапары күзде жоспарланған. Денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстанның бас санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова

Бұл ретте ол вакцинаны тану кезінде оның әзірленуінен, өндірісінен бастап, шығарылып, аймақтарға жөнелтілгенге дейінгі бірқатар талаптар ескерілетінін еске салды.

Вакцина өндіруге қойылатын талаптар бар: GMP стандарты, зауыттың болуы. Естеріңізде болса, біздің ғалымдар вакцинаны жасаған кезде бізде бұл вакцинаны мұндай көлемде шығаратын ДДСҰ талаптарына сай өндіріс орны мен алаңдар болмаған. Тиісінше, бір жыл ішінде осы процестердің барлығы әзірленді: зауыт салынды, құрал-жабдықтар сатып алынып, орнатылды, валидацияланды, барлық құжат қаралды. Айжан Есмағамбетова
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: