Енді ауруханаға жатқызу кезінде ПТР тестін тапсыру қажет емес
Атап айтқанда, жоспарлы госпитализация кезінде коронавирусқа ПТР тестілеуден өту және науқасты шұғыл госпитализациялау кезінде CVI-ға экспресс-тест жасау талаптары алынып тасталды.
Сонымен жаңа түзетулерде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары белгіленген:
науқастарды стационарға жатқызуға жолдама беру;
стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру;
санаториялық-курорттық емделу қажеттігі туралы қорытынды беру.
Демек электронды үкімет порталы арқылы санаториялық-курорттық емделу қажеттігі туралы қорытынды алуға болады, – делінген хабарламада.
Құжаттардың толық пакетін ұсынған жағдайда МСАК денсаулық сақтау ұйымының дәрігері санаториялық-курорттық картаны ресімдейді. Оған бөлім меңгерушісі қол қояды және денсаулық сақтау ұйымының жауапты маманына береді.
Одан кейін өтініш берушінің жеке кабинетіне медициналық ұйымның уәкілетті тұлғасының немесе оның міндеттерін атқаратын тұлғаның ЭЦҚ қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні туралы хабарлама жіберіледі.
Бұйрық 2022 жылғы 14 тамыздан бастап күшіне енеді.