Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны бір күнде екі есе өсті
Сурет: Zakon.kz
12 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясын 50 адам жұқтырғаны анықталды. Мәліметтерді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Екі күн бұрын Қазақстанда 26 адамда КВИ расталса, соңғы тәулікте елде 50 адамнан COVID-19 анықталды.
12 қазандағы мәлімет бойынша, 1 039 адам коронавирус инфекциясынан (–902 + және 137 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 106 пациент стационарда, 933 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
5 адамның жағдайы ауыр,
4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript