Елімізде өткен тәулікте 12 адам коронавирус жұқтырды
Сурет: pixabay
Науқастар туралы мәліметтерді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі берді. Елде коронавирустық пневмонияның бірде-бір жағдайы анықталған жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.
Екі күн бұрын Қазақстанда 36 жағдай анықталған еді. Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясының 12 жағдайы тіркелді.
17 қазандағы мәлімет бойынша, 959 адам коронавирус инфекциясынан (–829+ және 130 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 107 пациент стационарда, 852 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
3 адамның жағдайы ауыр,
3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript