Қазақстан АҚШ-тың гуманитарлық көмек ретінде ұсынған Pfizer вакцинасынан бас тартқан
Сурет: Zakon.kz
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният АҚШ-тың гуманитарлық көмек ретінде ұсынған Pfizer вакцинасынан Қазақстанның неге бас тартқанын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"АҚШ үкіметі бізге гуманитарлық көмек ретінде Pfizer вакцинасын, соның ішінде балаларға арналғанын да ұсынуға дайын болды. Бұл гуманитарлық көмек болғандықтан, біз осындай нормативтік-құқықтық актінің жобасын талқылап, әзірледік. Бірақ бүгінгі күні аталған вакциналардың жарамдылық мерзімі қысқа екенін ескере отырып, біз гуманитарлық көмектен бас тарттық", - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Шығыс Қазақстан облысына сапары барысында.
Еліміздің бас дәрігері егер елімізде баласын осы вакцина түрімен егуге ниет білдірушілер табылып жатса, онда ведомство оны жеткізу мүмкіндіктерін ойластыратынын, бірақ бүгінгі таңда мұндай жоспарлары жоқ екенін атап өтті.
АҚШ Қазақстанға препараттың миллионға жуық дозасын жеткізуді ұсынды, оның жартысы 5-11 жастағы балаларға қолдануға арналған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript