Бір тәулікте 203 қазақстандық коронавирус жұқтырған
9 желтоқсандағы жағдай бойынша 1667 адам (-1460+ және 207 КВИ-) Covid-19-дан емделіп жатыр. Оның ішінде 263 науқас стационарда, 1404 адам амбулаториялық емделуде.
КВИ+ және КВИ- жағдайларының ішінде:
жағдайы ауыр – 7 науқас,
өте ауыр жағдайда - 5 науқас,
жасанды тыныс алу аппаратында – 4 науқас.
30 қарашада Қазақстанда коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу жөніндегі өңіраралық комиссияның отырысында елімізде Cerberus коронавирусының өте жұқпалы штаммының таралып жатқаны туралы хабарланды.
"Cerberus" жаңа штаммының белгілері омикронның бұрынғы түрлерінен айтарлықтай ерекшеленбейді. Көбіне ауру өткір респираторлық ауру түрінде жеңіл түрде кездеседі. Дене қызуы көтеріледі, буындар ауырады, мұрыннан аздап су ағады, әлсіздік пайда болады, кейбіреулерінде ішек аурулары бар. Штамм өте жұқпалы, бірақ ол ерекше қауіп төндірмейді.