ДДСҰ бас директоры Тедрос Гебрейесус Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Cурет: видео скрині
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Оның құттықтау видеосын Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан халқы мен үкіметін Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Қазақстан жаhандық денсаулық сақтау саласындағы көшбасшылардың бірі саналады. 1978 жылы Алматы декларациясы, ал 2018 жылы алғашқы медициналық-санитариялық көмек туралы Астана декларациясы қабылданды. Тәуелсіздік алғалы тұрғындарыңыздың әл-ауқатын жақсарту, медицина қызметкерлерін даярлау бойынша айтарлықтай жетістікке жеттіңіздер. Коронавируспен күреске қосқан үлес үшін ел үкіметіне, Денсаулық сақтау министрлігі мен сала қызметкерлеріне алғыс айтамыз. Келер жылы Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының аймақтық комитетін қабылдайды. Біз сол уақытты асыға күтіп отырмыз. Тәуелсіздік күні құтты болсын! Рақмет!", - деді Тедрос Гебрейесус құттықтауында.
Еске салайық, Қазақстан халқы бүгін Тәуелсіздіктің 31 жылдығын тойлап жатыр. Бұған дейін қазақстандықтарды мейраммен АҚШ елшілігі, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров құттықтады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript