Жаңалықтар тізбегі
0

Ядролық медицина орталығында Қазақстандағы алғашқы радиофармацевтикалық препарат өндірілді

Президент іс басқармасы медицина орталығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.12.2022 00:28 Сурет: Алексей Цойдың facebook-парақшасы
Ядролық медицина орталығының базасында онкологиялық пациенттерге зерттеу жүргізу үшін алғашқы радиофармацевтикалық препарат өндірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Еліміздің Тәуелсіздік алған күні өздеріңізге Президент іс басқармасы медициналық орталығы ауруханасының 4 жыл бойы жасаған еңбектің нәтижесін бөліскелі отырмын. Қазір ғана ПІБ медициналық орталығы ауруханасы базасында жуырда ғана ашылған Ядролық медицина орталығының циклотронды-өндірістік кешені базасында онкологиялық пациенттерге ПЭТ/КТ зерттеу жүргізу үшін 18-фтородезоксиглюкоза (18F-FDG) алғашқы радиофармацевтикалық препарат өндірілді. 2026 жылға дейін өндіріске 9 радиофармпрепаратты енгізу жоспарланған болатын, оның 8-і Қазақстанда алғаш рет өндіріледі. 2023 жылы келесі жаңа 3 РФДП өндіріске енгізіледі: 18F-NaF, 11C-MET, 18F-DOPA", - деп жазды Президент іс басқармасы медицина орталығының басшысы Facebook-те.

Алексей Цойдың сөзінше, бұл онкологиялық пациенттер үшін диагностикалық зерттеулер спектрін кеңейтуге және шет елдерге бармай-ақ, елімізде осы препараттармен ПЭТ/КТ зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді.

Әртүрлі онкологиялық аурулардың диагнозын ерте бастан қойып, пациенттердің өмірін аурудың өршу қаупінсіз ұзартуға көмектеседі.

Бұл жердегі мәселе онкологияны диагностикалау ғана емес, сонымен қатар ел медицинасының кардиология мен неврология саласындағы диагностикалық мүмкіндіктерін кеңейту жоспарланып отыр.

"Бүгінгі таңда Медициналық орталықтың ауруханасында Ядролық медицина орталығы - еліміздегі ең жаңа жоғары технологиялық өндірістік және медициналық жабдықтың мүмкіндіктерін және радиоизотоптық диагностика, ұлт денсаулығы қызметі үшін радиофармпрепараттар өндіру саласындағы жетекші мамандардың тәжірибесін біріктіретін бірнеше жобаның бірі. Президент іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасы ұжымын, Ядролық медициналық орталығын бүгінгі жетістікпен шын жүректен құттықтаймын! Табанды еңбегі сіңген қызметкерлерге алғыс айтамын!", - делінген жазбада.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: