Қазақстанда бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар азайды
Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда 17 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 140 адам коронавирус жұқтырған, бұл бір күн бұрынғыдан 63 адамға аз, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сонымен бірге 17 желтоқсанда бірде-бір өлім дерегі тіркелмеді.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне қарағанда, қазір 2 190 адам коронавирус инфекциясынан (328 пациент стационарда, 1 862 науқас амбулатория деңгейінде) емделіп жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 11 адамның жағдайы ауыр;
- 4 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 1 науқас өкпенді жасанды желдету аппаратында жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript