Қазақстанда бір тәулікте 182 адам коронавирус жұқтырды
Сурет: Zakon.kz
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырған 182 адам туралы хабарлады. Бір күн бұрын 139 жағдай тіркелген еді, деп хабарлайды Zakon.kz.
20 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2 162 адам коронавирус инфекциясынан (–2 061+ және 101 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 339 пациент стационарда, 1 823 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 17 адамның жағдайы ауыр,
- 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript