Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар азайды
Сурет: pixabay
Қазақстанда 7 қаңтардың қорытындысы бойынша 169 адамнан коронавирус анықталды. Бұл бір күн бұрынғыдан 33 жағдайға аз, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2023 жылғы 8 қаңтардағы ақпарат 8 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 517 адам коронавирус инфекциясынан (272 пациент стационарда, 2 245 науқас амбулаториялық деңгейде) емделіп жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 15 адамның жағдайы ауыр;
- 6 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript