Қазақстанда бір тәулікте коронавирус инфекциясының 138 жаңа жағдайы тіркелді
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Өткен тәулікте елімізде 138 адамнан Covid-19 анықталды. Бұл көрсеткіш алдыңғы күнмен салыстырғанда, 37 адамға аз, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алайда коронавирус жұқтырған бір адам қайтыс болды.
Денсаулық сақтау министрлігі таратқан мәліметке сүйенсек, 12 қаңтардағы жағдай бойынша, 2 343 адам коронавирус инфекциясынан (–2 198+ және 145 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 231 пациент стационарда, 2 112 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 8 адамның жағдайы ауыр;
- 5 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript