ДСМ Қазақстанда омикронның ХВВ нұсқасы табылғандығы туралы ақпаратты жоққа шығарды
StopFake.kz қазақстандықтар WhatsApp-та коронавирустың жаңа штаммы табылғандығы туралы жалған ақпаратты жаппай бөлісіп жатқанын жазады.
"Алынған штаммдарды соңғы рет секвенирлеу елімізде 100% омикрон нұсқасы таралғанын көрсетті. Қазақстанда омикрон ХВВ нұсқасы анықталған жоқ", – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
ҚР ДСМ мәліметінше, өткен тәулікте еліміз бойынша COVID-19-дың 200-ге жуық жағдайы тіркелді. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, республикамз бен барлық өңір жасыл аймақта орналасқан.
Соңғы аптада өткен аптамен салыстырғанда сырқаттанушылық 4%-ға төмендеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпаратына сәйкес, XBB – омикрон нұсқаларының бірі. 2022 жылдың қазан айынан бастап ол әлемнің 38 елінде анықталды, науқастардың ең көп саны АҚШ-та тіркелген.
Қазіргі уақытта аурудың клиникалық ауырлығы мен ХВВ нұсқасының эпидемиологиялық маңыздылығы бойынша зертханалық зерттеулер жалғасуда.