Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны тағы азайды
Сурет: pixabay
Қазақстанда 21 қаңтардың қорытындысы бойынша 58 адам коронавирус жұқтырды, өлім дерегі тіркелмеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің 2023 жылғы 22 қаңтардағы мәліметі бойынша, 1 836 адам коронавирус инфекциясынан, 139 пациент стационарда, 1 697 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 8 адамның жағдайы ауыр;
- 5 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 3 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Елімізде коронавирус пандемиясы басталғалы 1 405 417 адам коронавирус жұқтырған, 13 873 адам қайтыс болды. 90 680 адам коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырған, 5 408 науқас қайтыс болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript