Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар азайды

Коронавирус, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2023 09:32 Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда 2023 жылғы 28 қаңтардың қорытындысы бойынша 27 адамнан коронавирус анықталды, бұл бір күн бұрынғыдан 32 адамға аз. Өлім дерегі анықталған жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылғы 29 қаңтардағы мәлімет бойынша, 1 669 адам коронавирус инфекциясынан, оның ішінде 111 пациент стационарда, 1 558 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 6 адамның жағдайы ауыр;
  • 1 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Қазақстанда коронавирус пандемиясы басталғалы бері 1 405 780 адам коронавирус жұқтырып, оның 13 843-і қайтыс болды. Ал 90 698 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония анықталып, оның 5 409-ы қайтыс болды. 

Еске салайық, бір тәулік бұрын Қазақстанда коронавирусты 59, пневмонияны екі адам жұқтырып еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: