Жаңалықтар тізбегі
0

Астаналық дәрігерлер өндірісте ауыр жарақат алған жігіттің қолын аман сақтап қалды

Ота, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.01.2023 23:17 Cурет: Астананың ішкі саясат басқармасы
Астанада №2 көпбейінді қалалық аурухана дәрігерлері өндірісте зардап шеккен жас жігіттің қолын аман сақтап қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Науқас 7 қаңтар күні шұғыл түрде ауыр жарақатпен ауруханаға түскен. Жас жігіттің оң қолы иығының жоғары тұсынан бөлініп кеткен. Бұл қиын отаны дәрігерлер бригадасы екі кезеңмен жүргізді. Бірінші кезеңде ангиохирургтар қан ағымын қалпына келтіру үшін тамырларды тігіп, екінші кезеңде травматологтар бұлшықеттерді, нервтерді, сіңірлер мен сүйектерді қалыпқа келтірді.

"Ота шамамен бес сағатқа созылды. Біз әр отада барлық дене мүшесін мүмкіндігінше сақтап қалуға тырысамыз. Бұл жолы тамыр-жүйке байламына толық ревизия жасау керек болды, тігіс барлық бұлшықеттерге қойылды, өйткені қол толықтай бөлінуге ұшыраған. Бастапқыда қолды сақтап қалу және оның функциясын қалпына келтіру мүмкіндігі аз еді. Отаның сәтті аяқталғанына өте қуаныштымыз". Ангиохирург дәрігер Дастан Сабырұлы

Қазір науқас оңалту курсынан өтіп жатыр, дәрігерлер оң қолдың жұмысын қалпына келтіруге белсенді қатысып, әртүрлі әдісті қолдануға кеңес беріп жатыр.

"Біз отаны одан кейінгі оңалту әлдеқайда жылдам жүзеге асатындай етіп жасай алдық. Барлығы біріктірілді, қазіргі уақытта науқасты ешнәрсе мазаламайды".Травматолог дәрігер Әлімжан Дүйсенбаев.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: