Жаңалықтар тізбегі
0

ДСМ 11 жастан асқан 100 мың қызға папиллома вирусына қарсы екпе салуды жоспарлап отыр

адам папиллома вирусы, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.02.2023 23:16 Сурет: istockphoto.com
Елімізде 11 жастан асқан 100 мың жасөспірім қызға папиллома вирусына қарсы екпе салынады, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Вакцина кәмелетке  толмаған баланың ата-анасының немесе қамқоршысының келісімі керек. Дәрігер де алдын ала рұқсат беруге тиіс.
"Бірінші кезеңде 100 мың жеткіншекті егеміз. Оған бюджет қарастырып, екпе сатып алу қажет. Биылдан бастап жатыр мойыны обырының алдын алу туралы түсіндіруді кеңінен жүргіземіз. Басқа мемлекеттердегі нәтижелі тәжірибелерді алға тартамыз. Бұл вакцинаны 140 ел қолданады". Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният
Министрдің айтуынша, қазір дүниежүзінің 140 мемлекеті папиллома вирусына қарсы екпенің арқасында жатыр мойны обырын 60 пайызға азайтқан.

Ведомство басшысы осы себепті халық емінен гөрі ғылыми дәлелденген медицинаға сүйену керегін айтты.

Айта кетейік, Қазақстанда адам папиллома вирусына қарсы вакцина 2024-2025 жылдары ұлттық екпе күнтізбесіне енгізіледі.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: