Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар күрт көбейді
Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда кейінгі тәулікте 80 адам коронавирус жұқтырды, бұл бір тәулік бұрынғыдан 58 адамға көп. Сонымен бірге ал 6 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
25 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 729 адам коронавирус инфекциясынан (–1 555+ және 174 КВИ-), олардың ішінде 152 пациент стационарда, 1 577 науқас амбулаториялық деңгейде емделіп жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 3 адамның жағдайы ауыр;
- 2 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Еске салайық, бір күн бұрын Қазақстанда 22 адам коронавирус жұқтырған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript