Ақтөбеде жүк көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті
Фото: Zakon.kz
Аталған жол-көлік оқиғасы 29 қарашада болған.
Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен қыз ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жол-көлік оқиғасы 29 қарашада болды. 19 жастағы бойжеткен жаяу жүргіншілер жолынан өтпек болғанда, жүк көлігінің жүргізушісі оны қағып кетті.
"ГАЗ-53" маркалы автокөлігінің 59 жастағы жүргізушісі К.Нокин даңғылымен келе жатып, №5 емхана жанында жолдан өтіп бара жатқан жүргіншіге жол бермей, оны қағып кеткен.Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі
Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен қыз Ақтөбе қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript