Нұр-Сұлтанда Nur Otan партиясы ғимаратын өртеп жіберген күдікті ұсталды
Сурет: Zakon.kz
Жамбыл облысындағы Nur Otan партиясының ғимаратын өртеп жіберген күдікті Нұр-Сұлтан қаласында ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz
Төтенше жағдай жойылғаннан кейін, 19 қаңтардан бастап еліміздің барлық аймақтарында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу шарасы жүргізілді. Іс-шараның мақсаты – құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ төтенше жағдайдың салдарын жою бойынша шаралар қабылдау. Қазақстан Республикасы Әкімшілік полиция комитетінің басқарма басшысы Бағланбек Айтпаев.
Айтпаевтың айтуынша, шара барысында 4 мыңнан астам қылмыс тіркелді. Оның 300-ден астамы қоғамдық орындарда, ал 80-і көшеде болған.
Ең көп заң бұзушылық Шығыс Қазақстан, Алматы, Қарағанды облыстарында, сондай-ақ Алматы мен Шымкент қалаларында жасалған. Жедел іздестіру шарасы барысында 2700-ден астам қылмыстық іс ашылды.
Мәселен, Ақтөбенің полиция қызметкерлері «Qazaq Oil» жанармай құю бекетіне медициналық бетперде киіп, оператор мен кассирге шабуыл жасаған екі азаматты ұстады. Олар қызметкерлерді пышақ және балғамен қорқытқан. 100 мың теңгеден астам ақша мен ұялы телефонды қолды еткен. Тексеру барысында олардың бұрын сотталғаны анықталды.
Алматыда тәртіпсіздіктерге қатысқан, сондай-ақ полицейлер мен әскери қызметкерлерге қарсы күш қолданып, металл арматура таратқан 6 адам ұсталды. Олар Алматы мен Алматы облысының тұрғындары болып шықты. Қазір барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал Нұр-Сұлтанда мемлекетаралық іздеуде жүрген Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды. Ол 5 қаңтар күні Жамбыл облысы Төле би ауылында орналасқан «Nur Otan» партиясының әкімшілік ғимаратын өртеген. Қазақстан Республикасы Әкімшілік полиция комитетінің басқарма басшысы Бағланбек Айтпаев.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында 700-ден астам қылмыс ашылды. Іздеуде жүрген 107 қылмыскер ұсталды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript