Қатты боранға байланысты Алматы облысында тас жол жабылды
Сурет: pixabay
22 ақпанда республикалық маңыздағы "Үшарал-Достық" тас жолы қатты боранға байланысты жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
22 ақпанда сағат 18: 20-да ауа райының нашарлауына байланысты (нөлдік көріну, қатты боран) республикалық маңыздағы "Үшарал-Достық" тас жолындағы (84-184 км) қозғалыс барлық көлік түрлері үшін жабылды. Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі
Алматы облыстық ТЖД азаматтардан осы бағыттағы жол жүріс жоспарын кейінге шегере тұруды және 112 қызметі жіберетін SMS-хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript